Кітапханаға саяхат: ағылшын тілінде экскурсия
12 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында “Sapsan” білім беру орталығының оқушыларына «Кітапханаға саяхат» атты ағылшын тілінде экскурсия ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкері балаларды кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен, бай кітап қорымен және ақпараттық қызметтерімен таныстырды.
Абайдың рухани орталығында болған балалар 18-19 ғасырлардағы сирек кездесетін басылымдарды, оның ішінде Абай оқыған кітаптарды, аймақ зерттеушілерінің еңбектерін, әлем әдебиеті жауһарларын, Абайдың әлем тілдеріндегі шығармаларын көріп, керемет әсер алды. Атап айтқанда, сирек қорымыздағы көне, құнды, әрі ең ауыр басылым Э. Э. Ухтомскийдің «Путешествие на Восток Его Императорского Высочества государя наследника Цесаревича» кітабы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Кітапханаға саяхаттау барысында балаларға қызықты, танымдық ойын түрлері ұсынылды. Шетел әдебиеттері бөлімінде балалар өздерінің ағылшын тілін білу деңгейін тексеруге мүмкіндік алды. Жас оқырмандар арнайы дайындалған «Magic 3», «Animals», «Opposites» викториналарына қатысып, белсенділік танытты.
Кітапханаға саяхат балалардың кітапқа және оқуға деген қызығушылығын оятып, оларды кітапхана қызметтерін пайдалануды үйретті.