• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Маңызды шешімдер кезеңі»: Елбасы кітапханасының экспозициялық көрмесі

«Маңызды шешімдер кезеңі»: Елбасы кітапханасының экспозициялық көрмесі

  • 25.08.2021

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 25 тамыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ұйымдастыруымен «Маңызды шешімдер кезеңі» атты көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлін жаһандық ауқымдағы саясаткер, ядролық қатерден азат әлем тұжырымдамасының авторы ретінде көрсету.
Шараның ашылу салтанатын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Темірболат Бақытжан Берікбайұлы ашып, Елбасы кітапханасының жарыққа шығарған Нұрсұлтан Әбішұлын жасампаз көшбасшы тұлға ретіндегі таныстыратын 3 томдық «Біз білетін Елбасы», көпшілікке танымал кейс әдістемесі туралы «Назарбаев моделі» және Елбасының мемлекеттік, қоғамдық жемісті еңбектерін айшықтайтын «Эпоха созидания» кітаптарын кітапхана қорына табыс етті.
ШҚО әкімінің орынбасары Мухамедчинов Азамат Маратұлы өз сөзінде тарих беттерінен сыр шертетін бұл аса маңызды шараның шығысқазақстандықтар үшін тарихи-танымдық, тағылымдық, тәрбиелік маңызы зор екендігін айтып, шараны ұйымдастыруға ұйтқы болған – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына алғысын білдірді.
Лента қию рәсімін «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Картоев Султан Умаровичпен пен қоғам қайраткері Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы өткізді. Көрмеге қала әкімі Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы, мәдениет бөлімінің мамандары, облыстық, қалалық қоғамдық ұйым өкілдері, мұрағат, кітапхана, мұражай қызметкерлері, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, облыстық маслихат депутаттары, шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Көрме Қазақстан Республикасының, оның Тұңғыш Президентінің ядролық қарудан бас тартуға және ядролық сынақтар жүргізуден бас тартуға негізделген жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне жаһандық көзқарасын, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ елінің бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін көрсетеді.
Үш бөлімнен тұратын экспозициямен шара қонақтарын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Ақтаева Күлайша Кабдуалиқызы таныстырды.
«Семей қайғы-қасіреті» бөліміне Семей ядоролық сынақ полигонының табиғатқа, адамзатқа тигізген орасан зор зардаптарын дәлелдейтін ресми материалдар: Семей облысындағы радиологиялық жағдай туралы медициналық қорытындылар, жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша гамма-фонның жоғарылауы және жарылыстың радиоактивті өнімдерінің түсуі туралы мәлметтер қойылған.
«Елбасы бастамалары» бөлімінде Тұңғыш Президентіміз Елбасының ядролық қарудан бас тартып, атомды тек бейбіт мақсатта пайдаланудағы Халықаралық саммиттерде сөйлеген сөздері мен Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және т.б. алып елдердің Жоғары мемлекеттік наградалары, төсбелгілері қойлған.
«Бейбіт атом құқығы» бөлімінде Елбасының саясаты Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ядролық қаруды қысқартуға және бүкіл планетада ядросыз әлем құруға бағытталған БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі, «Бейбітшілік, қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері», “XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлемге қарай”, “Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге” және т.б. халықаралық конференцияларда сөйлеген сөздері мен “Әлем. XXI ғасыр ” манифесінен үзінді қойылған. Көрмені Елбасының кітапханасының және Абай кітапаханасының қорынын алынған полигонның тарихын, зардаптарын, бүгінгі тынысын айшықтайтын әдебиеттер толықтырды.
Көрме Қазақстанның әлем қауіпсіздігі мен бейбітшілікті сақтауға бағытталған ұстанымын айғақтап, жарқын болашаққа жасалған іргелі қадамын танытады.
Көрме қыркүйек айының 27-сіне дейін қала жұртышылығы мен қала қонақтарының назарына ұсынылады.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық рәміз – ұлт рухы: әдеби сағат
05мау.2025
Менің Қазақстаным: ақпараттық сағат
04мау.2025
«Еліміздің негізгі рәміздері»: ақпараттық сағат
04мау.2025
Рәміздер – біздің рухымыз, біздің бастауымыз: кітап көрмесі
03мау.2025
Оқимыз, ойнаймыз, көңіл көтереміз: мерекелік бағдарлама
02мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now