Қазақстан Конституциясы – бостандықтар мен адам құқықтарының кепілі: кітап көрмесі
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Абай атындағы кітапханада 27 тамыз күні “Қазақстан Конституциясы – адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі” атты кітап көрмесі ұсынылды, онда Қазақ хандығы кезінен бастап Қазақстан халқының құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің құрылу тарихын, Кеңес Одағының құрамына кірген Қазақ АССР Конституциясының және Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының барлық құқықтарын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы Конституцияның тарихын баяндайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Оқырмандар назарына Қазақстан аумағында Конституция құруға алғашқы талпыныстарды 1911 жылы Алашорда басшылары жасағаны жайлы тың ақпараттар айтылды. Көрмеге келушілер 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституция туралы көптеген қызықты деректерді жинады. Мысалы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қазақстан Конституциясын жасау бойынша жұмыс істеген, қолжазба түзетулерінің бір данасы Нұр-Сұлтандағы еліміздің Тұңғыш Президенті Музейінде орналасқан; Қазақстан Республикасының Конституциясы – әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі; Қазақстандық Конституция француз моделі мен басқа да көптеген фактілер негізінде қабылданды.
Көрмеде «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Г.Сапаргалиев, «Конституционное право Республики Казахстан», Ө.Қопабаев «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы», З.Ж.Кенжалиев, В.А.Ким «Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың дамуы» атты кітаптар топтамалары ұсынылды.
Кітап көрмесі 27-30 тамыз аралығында ұсынылады.