Бейбітшілік пен қауіпсіздік барлық халықтар үшін: патриоттық сабақ
3 қыркүйек күні «БҰҰ –ның шешімімен 2021 жыл – Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы аясында» Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері оқырмандар қауымына «Бейбітшілік пен қауіпсіздік барлық халықтар үшін:» атты патриоттық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын және дауды бейбіт жолмен шешудегі мақсаты мен қағидасын және кейінгі ұрпақты соғыс апатынан құтқару туралы шешімі туралы, қазақ хандары мен би-шешендерінің елдік, ерлік шежірелерін, бірлік-берекеге, татулық пен тұтастыққа саятын бітім-шешімдерін сонымен қатар, батырлық пен бейбітшілік мәселесін, тұрақтылық пен тыныштық туралы ақпараттар берілді. Оқырмандар назарына Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі», Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік белестері», Қасым-Жомарт Тоқаев «Беласу», және Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» атты бейбітшілік пен тәуелсіздігіміздің белестері жайлы жазылған тарихы кітаптар ұсынылды.