Шығыс Қазақстанның киелі жерлері: кең көлемді кітап көрмесі
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 8 қыркүйек күні кітапхана мамандары «Шығыс Қазақстанның киелі жерлері» атты тақырыпта кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрменің басты мақсаты өскелең ұрпақты туған жерін сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, туған жердің байлығын қорғауға шақыра отырып, Киелі жерлер бойынша кітапхана қорындағы кітаптармен таныстыру болды. Шығыс Қазақстан облысы аумағында аңыздармен және нақты оқиғалармен байланысты қасиетті тарихи орындар көптеп кездеседі. Көрмеден осы тақырыпта баспадан шыққан кітаптардың қатарында Ш. Әбенұлы «Жер кіндігі – Жидебай», М.Әубәкіров «Әулие Ырғызбай», Д. Сейсенұлы «Шежірелі Шыңғыстау», Д.Анаш «Алтайдан Алакөлге дейін», А.Исин «Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы», З.Самашев «Берел», т.б. кітаптар орын алды.
Кітапхана мамандары Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстанның киелі жерлер картасына Қоңыр-Әулие үңгірі және Шелекті аңғары, Берел қорғандары мен Ырғызбай Досханұлының мавзолейі, «Мұзтау», Жидебай-Бөрілі” мәдени-тарихи кешені және т.б. орындар туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, көрсеткіштер оқырман қауымға ұсынып, киелі жерлердің тарихымен, ерекшелігімен және ел ауызында тараған аңыз-әңгімелермен таныстырып өтті.