Маңызды шешімдер кезеңі: экспозициялық көрме
23 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасымен ZOOM платформасы арқылы «Маңызды шешімдер кезеңі» атты Семей полигонының 30 жылдығына арналған көрменің онлайн таныстырылымы өтті.
Көрменің мақсаты-ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының рөлін жаһандық ауқымдағы саясаткер, ядролық қатерден азат әлем тұжырымдамасының авторы ретінде көрсету.
Көрме «Семей қайғы-қасіреті», «Елбасы бастамалары», «Бейбіт атом құқығы» атты үш бөлім бойынша өткізілді.
«Семей қайғы-қасіреті» бөлімінен көпшілік Семей полигонының тарттырған азабының деректерін, құпия құжаттарды, зұлмат келбетін ашып көрсететін материалдармен танысты.
«Елбасы бастамалары» бөлімінде атомдық қарудан бас тартып, ядролық қаруды бейбіт мақсатта пайдалану туралы бастаманың авторы, ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының алған марапаттарының түпнұсқалары қойылған. Оның ішінде АҚШ президентінің, Ұлы Британия коралевасының, Жапония императорың сыйлаған медальдары мен ордендері бар.
«Бейбіт атом құқығы» бөлімінде Елбасының БҰҰ форумдарында сөйлеген сөздері видеожазба арқылы көрсетілді. Елбасы атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалануға шақырған сөздерін, Өскемен қаласындағы уран банкі туралы тыңдарман қауым тікелей эфир арқылы тыңдады.
Сонымен қатар кітапхана қорынан Семей полигоны турасындағы еңбектер, Елбасы қаламынан туған кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды.