Жылқы – малдың патшасы: ақпараттық сағат
23 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхана қызыметкерлері «Атқа міну мәдениеті Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жылқы – малдың патшасы» атты тақырыпта ақпарат сағатын өткізді.
Бұл бағдарламаны насихаттаудағы негізгі мақсаты Елбасы мақаласында айтылғандай өткенімізді біліп, қадірлеп, дәстүрлеріміздің озығын болашаққа азық ретінде алып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оларды жастардың арасында насихаттау, болашақ ұрпаққа жеткізу болып отыр.
Кітапхана мамандары іс-шараға қатысқан студенттер мен оқушыларды республикалық бағдарламамен, оның мақсаттары мен міндеттері және жылқы малы, оның қасиетімен, ерекшелігімен денсаулыққа пайдасымен таныстырды. Оқырмандарды ата-бабаларымыздың жылқыны ерекше құрметтегенінің айқын дәлелі «батырлар жырымен», қазақтың ұлттық ойындары оның ішінде жылқымен ойналатын ойындар яғни теңге алу, бәйге, жамбы ату, шеген, қыз қуу туралы және тоқымқағар ат тұлдау сияқты жылқы малымен қатысты салт-дәстүрлер туралы ақпараттар беріліп, кітаптармен таныстырды. Олардың қатарында Дүйсембаев К. «Жылқы тұқымын асылдандыру», «Жылқы өсірушінің анықтамалығы», «Жылқышылар» , Қадырова Р.Х. «Жылқы еті – шипалы тағам», Ораз «Жылқының көз жасы т.б кітаптар бар.