Кітаптар мәдениет әлемін ашады: тәжірибелік экскурсия
23 қыркүйекте республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік жобасының қатысушылары кітапханамызда болды. №25 орта мектептің оқушылары Мальцева Ангелина, Каирова Алина мен олардың ғылыми жетекшілері Анапьянова Шолпан Кабышевна «Кітаптар мәдениет әлемін ашады»- тақырыбындағы мектеп жобасымен жұмыс жасап, «Дарынның» қазан айындағы конференциясына қатысуға дайындалуда. Кітапханашы маман жас оқырмандарға кітап туралы, ғасырлар бойы кітаптың қоғамдағы рөлі жайлы әңгіме өткізді. Осы мақсатта оқушылар кітапханамыздың әйгілі сирек басылымдар қорымен таныстырылды.
Кітапхана қызметкері жас талапкерлерге 18 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы сирек кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасады. Оқушылар заманында кітапханамыз алып тұрған Ресей империясының: «Исторический вестник», «Вестник Европы», «Современник», «Отечественные записки», «Колокол» сияқты сандарында әдеби мақалаларды, тарихи, ғылыми-көпшілік еңбектерді, саяси шолулармен халықты ағарту ісімен айналысқан белді мерзімді басылымдарымен танысты. Сирек кітаптардың ең көнелеріне М.В. Поллион «Об архитектуре» (1790), Д. Барбаро «Комментарий к десяти книгам об архитектуре Витрувия» (1556 г – пер. 1938г.), Гомер «Иллиада» (1829 г.) жатады. «Дарын» жобасының қатысушылары кемеңгер Абай қандай кітаптар мен мерзімді басылымдар арқылы білімін кеңейткенін танысып білді.