Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әркімнің азаматтық парызы: кітап көрмесі
2 қараша күні Абай кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әркімнің азаматтық парызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі материалдарынан оқырмандар сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік, экономикалық және саяси зұлымдық туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің әрбір азаматының азаматтық борышы болып табылатыны туралы көптеген пайдалы және маңызды ақпараттар алды. Кітап көрмесінде осы маңызды тақырыпты толық ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
А.Н.Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық», «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсініктеме», Е.Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», И.Ш.Борчашвилидің «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме», С.М. Рахметовтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қылмыстық-құқықтық шаралар» монографиясы сияқты авторлардың кітаптарына басты назар аударылды. Көрмеге келушілер сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның түрлі салаларына теріс әсері туралы пайдалы ақпараттар берілді. Әлемдегі сыбайлас жемқорлық туралы тарихи деректер шолуды толықтырды.