Қазақ даласының алғашқы ұстазы: оқырман конференциясы
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай 16 қараша күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің кітапхана факультетінің студенттері қатысты. Конференцияда Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы, оның қазақ жазуының дамуына қосқан үлесі, әдеби шығармашылығы талқыланды және Алтынсариннің мұғалім және ағартушы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Ы.Алтынсариннің қызметі жан-жақты болғандықтан, конференцияға қатысушылар оның әр түрлі көзқарастарын талқылауға салып, Торғай облысында инспектор ретінде оның қызметіне, оның бүкіл саналы өмірін арнаған халықтық білім берудегі рөліне назар салып кең көлемде тоқталды. Сондай-ақ, Алтынсариннің фольклор жинаушы, оқулық авторы, жазушы ретіндегі қызметі ашылды. Оның көптеген шығармалары алғашқы «Қазақ хрестоматиясына» арналған, ол білім алуды бастаған балалар, өздері жақсы білетін өмір туралы оқығанын қалаған. Сондықтан хрестоматияда қазақ тұрмысын суреттейтін қысқа әңгімелер, ертегілер, лирикалық шығармалар жинақталған.
Іс-шараның жалғасы Ыбырай Алтынсарин шығармаларының атауларын қағаз бетіндегі жеке әріптерден жинақтау «Скрабл» ойынымен толықтырылды.Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин жинақтаған қазақтың мақал-мәтелдерін білуге арналған ойынға студенттер белсене қатысты.