Эссэ жазудан сайыс
8 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Жастар орталығымен бірлесіп ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты «Менің Семейім» тақырыбында үздік эссе жазудан сайыс ұйымдастырылды.
Байқауға қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Мұндағы мақсат- қаламыздағы жас қаламгерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
Егеменді ел болу жолында қаншама аталарымыз бен апаларымыздың маңдай терімен, қасық қандарының арқасында қол жеткізген бүгінгі бейбіт күнімізде, туған қала тарихын бейнелеп жазған шығармалары мазмұнды, жастарымыздың тарихымызды терең білетіндері аңғарылды.
Нәтижесінде үздік эссе жазып шыққан, Шәкәрім университетінің 2 курс студенті Кәріпбаева Бағжан жүлделі бірінші орынды иеленіп, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында қазылар алқасы байқауға келіп түскен эсселер бойынша өздерінің сыни пікірлерін айтып, лайықты баға берді.