Халық этнографиясын жинаушы: бейнесюджет
2022 жылдың 24 каңтар күні Абай атындағы кітапхананың Инстаграм және Фейсбук желісінде өлке зерттеушісі, фольклоршы, этнограф- Алексей Николаевич Белослюдов (туғанына 135 жыл толуына орай бейнеролик өткізілді.
Бейнежазбада кітапханашы өлкетанушының өмірі мен шығармашылығына, қызметіне тоқталды. Алексей Николаевич Қазақстанның шығысындағы өлкетану мен мұражай ісін дамытуға зор үлес қосқан өлкетанушы, аудармашы, ұстаз. Ол 200-ден астам ертегі, 97 жұмбақ, 100-ден астам ән жазды. Бұл туындылар “Жизнь Алтая”, “Сибирская жизнь” газеттерінде жарияланды. Ағаларымен бірге 1906 жылы Алексей Николаевич Семейде ағайынды Белослюдовтардың мұражайы ретінде танымал болған үй мұражайын ашты. Ағайынды Белослюдовтар үлкен табандылықпен коллекциялар жинады. Семей қаласы маңынан көптеген археологиялық экспонаттар тапты. Мысалы: пышақтар, құмыралар, жебелер, әшекейлер, ежелгі монеталар.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында әр жерде Алексей Николаевичтің қаламынан туған ертегілер мен өлеңдер жазылған дәптер сақталғандығы айтылды.