Халықтың жаны – ою- өрнекте: кітап көрмесі
7 ақпан күні Абай атындағы кітапханада “Дала фольклорымен музыкасының 1000 жылы” бағдарламасы бойынша “Халықтың жаны –
ою- өрнекте” атты кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесінің басты мақсаты оқырмандарымызды отанымыздың тарихын, мәдениетін, оның ішінде ерекше көзге түсетін көне мұратымыз ою – өрнектердің тарихымен, түрлерімен және пайдалану аясымен таныстыру болды.
Кітапханашы маман қазіргі заманда ою-өрнектің қолданылуы мен ерекшеліктері туралы айта келе, ою-өрнектердің қоршаған ортамен байланысы туралы ақпараттар берді.
Кітап көрмесіне қойылған Әбілхан Қастеевтің “Ою өрнектер”, Өмірбекова М. Ш. “Қазақтың ою – өрнектері”, Төлеген Б. “Ұлт жауһарлары”, Кәкенұлы Ж. “Қазақтың қолөнері”, Мұхамеджанұлының З. “Қазақтың кесте өнері” сынды кітаптармен таныстыру арқылы оқырмандарды ою- өрнектердің түрлерімен, тарихымен, атауларымен таныстыра отырып оқырмандарға сауалнама жүргізіп, қаншалықты ою – өрнектерді білетінін, олармен қаншалықты таныс екеніне көз жеткізді.