Дала киносы: бейне портрет
2022 жылдың 10 ақпанында Абай атындағы кітапхананың әлеуметтік желідегі көрермендері кинорежиссер, еңбек сіңірген өнер қайраткері, жерлесіміз Бегалин Мәжит Сапарғалиұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала киносы» бейнебаянымен танысты. Бейне портреттен қолданушылар актер және кинорежиссер М.Бегалиннің шығармашылық өмірбаянымен танысып, оның негізгі кинотуындылары жайлы ақпараттар айтылды. Ол қазақ киносының негізін салушылардың бірі және Ұлы Отан соғысына қатысушы, белгілі қазақ балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің ұлы болғандықтан оның өмірбаянынан қызықты деректері келтірілді. Бейнепортрет «Артымызда Мәскеу», «Үйге оралу», «Көкжиектен тыс іздер» және басқа да аңызға айналған фильмдердің тарихы жайлы мол мағұлматтар ұсынылды. Оның Хадиша Бөкеева, Бауыржан Момышұлы, Наталья Аринбасарова және Никита Михалковпен шығармашылық одақтастығы туралы да сөз етілді. Бейнебаян М.Бегалиннің өзі жазған «Кітап-альбом» кітабымен толықтырылып, кино өнерінің майталманы Мәжит Сапарғалиұлы Бегалиннің жаңа қырларын ашты.