Өмір махаббат үшін: ашық сабақ
11 ақпан күні Абай атындағы кітапхана мамандары Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде жалпыұлттық бірыңғай өзін-өзі тану сабағы аясында «Өмір махаббат үшін» атты ашық сабақ өткізді. Көрермендер назарына адамның потенциялын, қолынан келетін барлық мүмкіндіктерін ашатын тақырыптағы кітап көрмесі ұсынылды. Кітапқа шолу жасау арқылы мұғалімдер мен оқушылар әр жаста өзін-өзі тану өзіндік ерекше мақсаттарды көздейтінін, балалық шақта бұл мақсат айналадағы дүниені тану, жақсы мен жаманды ажырата білу, қарым-қатынас жасау болса, адамның жасы ұлғайған сайын өзін-өзі танудың мақсаттары артып, адам басқа да кемелді нәрселерді тани бастайтыны айтылды. А.Жанұзақовтың «Өзін – өзі тану», С.Давлатовтың «Как найти свою сильную сторону», Джо Диспензаның «Сам себе плацебо», «Развивай свой мозг» және т.б кітаптарының авторлары мен кейіпкерлерінен ашық сабаққа қатысушылар тұлғалық өсу, мидың мүмкіндіктері мен қасиеттері, өзін-өзі дамыту және адамның өмір бойы жетілдіруге мүмкіндік беретін басқа да категориялары сияқты ұғымдармен танысты. Қиын өмірлік жағдайларда елеулі табыстарға қол жеткізіп, көпшілік адамдар үшін сүйіспеншілік пен мейірімділіктің бейнесіне айналған көптеген танымал тұлғалардың өзін-өзі дамытуы туралы мысалдар келтірілді.
Рефлексия ретінде есте сақтауды жаттықтыру тренингі өткізілді, одан қатысушылар қабылданған және берілетін ақпараттың маңыздылығын, есте сақтау қасиеттерін дамыту, қабілеттерін кеңейту туралы білді.