Ауған ардагерлеріне тағзым: интернационалист-жауынгерлермен кездесу кеш
2022 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толды. Бұл күні еліміз 1979-1989 жылдары Ауғанстандағы соғысты бастан өткерген интернационалист-жауынгерлерге тағзым етеді. Бұл марқұмдардың рухына тағзым ету ғана емес, сонымен бірге әскери және интернационалдық борышын адал да ерлікпен өтеген барша жандарға деген шексіз алғыс пен құрметтің көрінісі. Осыған орай кітапханамызда ардагерлермен кездесу кеш ұйымдастырылып, шараның құрметті қонақтары Ауғанстан соғысының ардагерлері, жерлестеріміз Бегатов Боранбай Оразбайұлы, Казаков Виктор Степанұлы, Тоқтаров Жеңісқали болды.
Кездесуге медицина университетінің оқытушысы Ж.Қ.Жайырбаева мен 1212 ЖМФ тобының студенттері және гуманитарлық-экономикалық колледжінің 2 курс студенттері қатысты.
Шара модераторы кездесуге қатысушыларды Ауған соғысының тарихымен және бұл соғыста халықаралық әскерлердің қандай рөл атқарғанымен таныстырды.
Шара қонақтары Ауғанстанға алғаш қалай келгендері, әскери қызметтегі ауыр күндерін ғана еске алмай, қызықты сәттері туралы да естеліктерімен бөлісіп, жиналғандардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара Ауған соғысының хронологиясын бейнелейтін «Ауған соғысының хроникасы 1979-1989» бейнефильмімен және деректі очерктер, фотоальбомдар ұсынылған «Ауған соғысы тарихының беттері» кеңейтілген кітап көрмесімен толықтырылды. Көрмеге Ауғанстан жолдарынан өткен жас сарбаздардың ерлігі туралы баяндайтын ауған жауынгерлері – жерлестеріміз туралы мерзімді басылымдардағы мақалалар да ұсынылды.
Шарада кітапхана маманы модератор Қ.Кенжебекұлы домбыраның сүйемелдеуімен патриоттық әндер орындап, кездесудің мазмұнын аша түсті.