Чарльз Диккенс әлемі: әдеби викторина
18 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері XIX ғасырдағы ағылшын әдебиетінің классигі Чарльз Диккенстің туғанына 210 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарына арналған әдеби викторина ұйымдастырды. Ч.Диккенс шығармалары көзі тірісінде бұрын-соңды болмаған танымалдылыққа ие болды, ал 20 ғасырға дейін сыншылар мен ғалымдар оны әдебиет данышпаны ретінде таныды. Оның романдары мен повестері бүгінде де оқырманға кеңінен танымал.
Әдеби викторина аясында кітапхана оқырмандары Ч.Диккенстің өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты деректермен танысты. Чарльз 12 жасында аяқ киімге арналған лак шығаратын фабрикада қара жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ч.Диккенс «Боз» деген лақап атпен мақалалар жазған. 1836 жылы жазушының алғашқы әдеби тәжірибелері – «Боз очерктері» атты моральдық сипаттамалық шығармасы жарық көрді. Ал оның «Пиквик клубының қайтыс болғаннан кейінгі құжаттары» атты алғашқы романы Ч.Диккенсты әдебиет әлемінде одан әрі танымал етті.
Шара барысында қатысушылар Чарльз Диккенстің «Оливер Твист», «Николас Никльби», «Пиквик клубының құжаттары», «Рождестволық әңгімелер» сияқты шығармаларымен танысты. Аталмыш викторинада ерекше белсенділік танытқан Сагимбаева Марзия мен Толенова Камилаға Ч.Диккенстің ағылшын тіліндегі кітаптар сыйға тартылды.