Кітаптхананың алтын қоры: жоба
23 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың “Кітаптхананың алтын қоры” айдарының кезекті санында сирек басылымдары қатарындағы орыстың сол заманғы жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Михаил Херасковтың “Эпические творения” еңбегі талқыланды. Кітап 1786 жылы Мәскеуде «Новиков» типографиясынан жарық көрген. Бүгінгі күнде құнды жәдігер болып саналады. Кітап екі томнан тұрады және ішінде Иван Грозныйдың Казан қаласын басып алуы жорығындағы сәні мен салтанаты, соғыста көрсеткен айлакерлігі, саясаты суреттелген “Россияда” дастаны бар. Заманында қоғам және мемлекет қайраткері болған тұлға артына көп еңбек қалдырған, соның бірегейі осы кітап.