Жарқын Шәкәрім – домбырашы-күйші, музыка зерттеушісі: бейнеролик
ШҚО Абай атындағы кітапханада күйші, домбырашы, музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрімнің туғанына 75 жыл толуына орай бейнеролик дайындалды.
Бейнесюжет барысында Жарқын Шәкәрімнің жарыққа шыққан кітаптары «Әміре», «Ән жұлдызы», «Әміре Қашаубаев», орыс тілінде, «Малайсары биден Шәмілге дейін», «Ән асқары», «Тас кескен тағылымы», «Нұрғиса Тілендиев» кітаптары жайында, оның репертуарындағы «Жорға аю», «Көктөбел», «Кеңес», «Үзбе», «Толғау», «Қыз мұңы», «Қабанбай» сияқты халық қүйлері, Нұрғалидың «Көк қаршыға» күйі, сондай-ақ, өзі шығарған «Анадан аманат», «Абыралыдағы ата зары», «Дүние-кезек», т.б. күйлері жайында ақпараттар берілді.
1974 ж. Мәскеудегі КСРО Мемлекеттік Орталық мұрағатынан фонографқа жазылған қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың орындауында «Ағаш аяқ», «Смет», «Бесқарагер», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Балхадиша, «Дудар -ай», әндерінің үнтаспасын тауып, 1975 ж. күйтаспасын жарыққа шығарады.
Кітапхана пайдаланушылары күйші, домбырашы, музыка зерттеушісінің өмірі, шығармашлығы жайында қызықты мәліметтер алды.