Азаматтық қорғаныс – баршаның ісі: кітап көрмесі
1 наурыз күні Абай атындағы облыстық кітапханада Семей қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Азаматтық қорғау жоғары колледжінің курсанттары мен студенттері үшін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні ұйымдастырылды.
Бұл дата азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және ұлттық авариялық-құтқару қызметтерінің беделін көтеру мақсатында аталып өтіледі. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кітапхананың тарихымен, бірегей кітап қорымен, кітапхананың оқырмандарға көрсететін қызметтерімен танысты, сонымен қатар кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі Ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев екенін білді.
Шараға Абай кітапханасы қорынан және Семей қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қорынан алынған, төтенше жағдайлардың алдын алу, халыққа көмек көрсету, жою туралы білімдерден тұратын кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдары, сондай-ақ адамдардың мінез-құлқының қауіпсіздігі ережелері орналастырылды. Бұлар: «Тарих және тағдырлар», «Идущие на огонь», «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Өрт-техникалық құрал-жабдықтар» кітаптары мен «Қазақстанның өрт сөндірушісі және құтқарушысы», «Өрт ісі», «ОБЖ. Қауіпсіздік және өмір сүру негіздері» сынды мерзімді басылымдар.