Көркем сөздің шебері: кітап көрмесі
ШҚО Абай атындағы кітапханасында қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Ғ. Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: жастарды шығармашылық ізденіске бағыттау, жазушы шығармашылығымен таныстыру. Кітап көрмесіне Ғ. Мүсіреповтің қаламынан туындаған – “Тулаған толқындар”, “Қос шалқар”, “Шұғыла”, “Афтобиографиялық әңгіме”, “Қазақ солдаты”, “Оянған өлке”, “Кездеспей кеткен бір бейне” шығармалары мен Қыз Жібек”, “Амангелді”, “Қозы көрпеш-Баян сұлу”, “Ақан сері – Ақтоқты”, “Тұтқын қыз”, сияқты драмалық туындылары оқырман назарына ұсынылды.
Кітапхана мамандары Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығында әр жылдары жазылған ана туралы еңбектері мен аудармалары “Ананың анасы”, “Ашынған ана”, “Ананың арашасы”, “Ер ана”, “Ақлима”, “Адамның анасы”, “Өлімді жеңген ана”, “Ұлпан” т.б. шығармаларымен оқырмандарды таныстырып, жазушының өмірбаяны, шығармаларының жазылу тарихы туралы кеңінен ақпараттар берді.