Құқықтық сауаттылық – заман талабы: ұсыныс көрме
Абай атындағы кітапханада 29 наурыз күні «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ұсыныс көрме ұйымдастырылды.
Құқықтық сауаттылық – ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу.
Ұсыныс көрмесінің мақсаты: пайдаланушыларға өз құқықтарын қорғай білуге, заң алдындағы жауапкершілікті арттыруға және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Шара аясында адам құқығы, бала құқығы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен міндеті, заң талаптарына қатысты мәліметтер тыңдалды.
Ұсыныс көрмеге қатысушыларға заң талаптарын бұзбау, әр азамат өзіне жүктелген құқықтық міндеттерді дұрыс орындау қажеттігі жайында, сонымен қатар Қазақстанның құқықтық даму жағдайы азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеруге, Заң мен құқыққа деген құрмет әр адамның жеке ұстанымына айналуы керектігі жайында кеңінен ақпараттар ұсынылды.
Кітап көрмесіне Абай атындағы кітапхана қорындағы құқық саласына қатысты кітаптар, заңды құқықтық-нормативтік актілер мен оқулықтар қойылып, әдебиеттерге шолу жасалынды.