Нәзір Төреқұловтың Мәскеу архивтері қорларындағы құжаттары- тарихи дереккөз: бейнедәріс
Абай атындағы кітапхананың ZOOM платформасында 6-шы сәуір күні, әр сәрсенбіде «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфир қонағы алаштанушы, Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Хазіретәлі Тұрсынмен «Нәзір Төреқұловтың Мәскеу архивтері қорларындағы құжаттары-тарихи дереккөз» тақырыбында бейнедәріс өткізілді.
Аталмыш шарада биылғы жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым ағартушы, халқымыздан шыққан алғашқы дипломат Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл толып отырғандығын, және оның саяси қуғын-сүргінге ұшырауына қатысты тың деректермен бөлісті.
Хазіретәлі Тұрсын Мәскеу архивтерінде Алаш қайраткерлеріне қатысты бұрын жарық көрмеген көптеген құжаттардың кездесетіндігін тілге тиек етті. Солардың бірі Сұлтанбек Қожановтың 1924 жылдың 5 қарашасында Н.Төреқұловты Қазақстанға қызметке жіберуді өтініп Сталинге жазған хаты. Бұл тарихи құжат екі тұлғаның арасындағы ұлт мүдесінен туған сыйластықты айғақтайтығына тоқталды.
Шара барысында Н.Төреқұлов Ұлттық мүддеге жұмыс жасағандығын Түркістан Орталық Атқару Коммитетінің төрағасы ретінде барлық мекемелерде демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы және Құрбан айттың үш күнін демалыс күндері деп жариялау туралы қаулыларға қол қойғандығы туралы құнды ақпараттар берілді. Сонымен қатар 1928 жылы Сауд Арабиясына елші болып кеткенше Ә.Бөкейхановпен тығыз байланыста болғандығы айтылды.Нәзіртанушылар қазіргі уақытта Нәзір мұрасын насихаттаумен шұғылданып отырғандығы, «Нәзір Төреқұлов» қоғамдық қорының Алматы қаласында екендігі хабардар етілді. «Движение Алаш» кітабының 3 томында Назір туралы ақпараттар беріліп, 1937 жылы 3 ақпанында атылғандығы көрсетілген.
Хазіретәлі Тұрсын мәдени шараға қатысушылардың сауалдарына жауаптар беріп, Н.Төреқұлов туралы архив документтері мен отбасы туралы мәліметтермен бөлісетін айтты. Келесі кезекте бұл мәлметтер Алаш электрондық катологын толықтырылмақ.