Қазіргі әдебиеттің “Алхимигі ” – Пауло Коэльо: Диалог клубының отырысы
Абай атындағы кітапапханада 9 сәуір күні «Диалог» әдеби клубының отырысы өтті. Кездесуге бразилия жазушысы Пауло Коэльоның «Алхимик» кітабы таңдалынып, талқыланды.
“Алхимик” – 1988 жылы жарық көрген және әлемдік бестселлерге айналған Пауло Коэльоның авторлық романы. Әлемнің 117-ден астам елінде жарық көріп, 81 тілге аударылған. Роман Гиннестің рекордтар кітабына Бразилия тарихындағы ең көп сатылатын және әлемдегі ең көп аударылатын кітап ретінде енген.
Клуб жетекшісі Динара Айтмухаметова клуб отырысына жаңадан қатысып отырған клуб мүшелерімен таныстырып өтті.
Кітапті талқылау барысында автор өзінің кейпкері арқылы адамдарға өзінің ішкі жан дүниесін тыңдауды үйретеді, өмірдегі болып жатқан жағдайлардан сабақ алуды үйретеді, өйткені бұл өмірде кездейсоқ ештеңе болмайтыны жайында ой қозғайды. Клуб мүшелері әрқашан өз тағдырыңның жолы бойынша жүру керек, ешқашан түңілмеу және алға жүру керек деген пікірлерін білдірді.