• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Халықтың Әз-ағасы: көше мерекесі

Халықтың Әз-ағасы: көше мерекесі

  • 10.04.2022

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына арналған апталықтың екінші күні 10 сәуір күні жазушы атындағы көшеде жалғасты Кітапхана мамандары көше тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Көше тұрғындарын жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі қарсы алды.

Мереке басында қатысушыларға халық жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы танымды ақпарат беріліп, заманында көзі көрген, дәмдес, сырлас болған жерлестерінің естеліктері айтылды. Семейдің Шәкәрім атындағы университетінің профессоры Мұхамедқазы Мұхамедиұлы жазушының жас кезіндегі журналист қызметінен бастап, соғыс кезіндегі басынан өткерген оқиғаларын, «Махаббат қызық мол жылдар» романының жазылу тарихы жайлы баяндады.  Семей жерінен шыққан танымал талант иелерінің қоғамға сіңірген еңбектері жайлы Ә.Нұршайықовтың жазған естеліктерін тілге тиек етті. Сазгер жерлесіміз Т. Базарбаевтың қабірінің басында сазгерге берген бағасы жайлы әңгімеледі.

Қоғам белсендісі, мәдениеттің жанашыры Адай Зейнолданұлы да Әзілхан Нұршайықов туралы естеліктерімен бөлісті. 2008 жылы өзі мұрындық болып Абай драма театрының артистері «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасы бойынша қойылым қойған кезде, пьесаның премьерасына жазушының өзі қатысып, керемет әсер алып, соғысқа дейінгі, кейінгі кездерін есіне алып, көзіне жас алғанын жеткізді. 2018 жылы халық жазушысының атына көше берілуіне өзінің  ұйтқы болғандығын әңгімеледі.

Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның әншілері Бақытгүл Исаевалар мен Қаділбек, Маржан Омаровтар әсем әндерімен мерекелік шараның сәнін келтіріп, Мұзафар Әлімбаевтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым» әнін және А.Сапышовтың сөзіне жазылған Т.Рахимовтың «Махаббат қызық мол жылдар» әнін орындады.

Қатысушылар кітап көрмесіндегі жазушының өмірі мен шығармашылығын айшықтайтын таңдамалы шығармаларының он томдығына, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы туралы «Ақиқат пен аңыз»  және соғыстан кейінгі өмір туралы жазылған «Махаббат қызық мол жылдар» романына, «Махаббат жыры», «Тоғыз толғау» сынды кітаптарына қызығушылық танытып, өздерінің сұрақтарын қойды.

Халық жазушысы атындағы көшенің тұрғындары ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдіріп тарасты.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлт рухының жыршысы – Несіпбек Айтұлы: сұхбат алаңы
01жел.2025
ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН – ШҰҒЫЛАЛЫ ШЫҒЫСҚА: шығармашылық кездесу
30қар.2025
Ә.Әбілқасымұлының: кітап тұсаускесері
29қар.2025
Қадыр Мырза Әлі «Ой орманы»: әдеби-танымдық сағат
27қар.2025
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»: оқырмандар конференциясы
26қар.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now