• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Артық білім кітапта: әдеби экспозиция

Артық білім кітапта: әдеби экспозиция

  • 21.04.2022

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 20 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында басталған Eurasian Book Fair – 2022 Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысуда. Көрмеге қатысушылар кітапхананың сирек басылымдар қорынан “Ғасырлармен үндескен асыл қазына” ретро-көрмесімен және “Абай әлемі- жауһар туындылар кітапханасы» атты Абай әлемі жобасы аясында 2018-2022 жылдары жарық көрген кітаптар топтамасымен танысуда.  Көрме басталғалы бері кітап көрмесіне қызығушылық танытқан қатысушылар легі аз емес.   Бүгін Eurasian Book Fair – 2022 Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің 2-ші күнінде аталған көрмелермен ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағанбетов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Н. Айтұлы, ақын Ғ. Жайлыбай, “Дарын” сыйлығының лауреаттары, ақындар А. Елгезек, Е. Жүніс, Д. Кәпұлы, С. Қалиевтар, белгілі заңгер А. Құспан, әнші А. Иманбаева және т.б. тұлғалар танысып, қонақта болды.

Шара қонақтарына заманында Абай оқыған Семейдегі Абай атындағы кітапхананың сирек басылымдар қорында күні бүгінге дейін сақталып келген ғұлама ақын пайдаланған,  XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жария көрген құнды әдебиеттер ұсынылды. Әдеби көрмеге келушілер үшін тосын сый – Абай заманыны басылымдарындағы ғұлама ақын тұлғасына қатысты аса сирек кездесетін өлкетану дереккөздері-түпнұсқалар болды.

Семейдің  қоғамдық кітапханасы сөрелерінен Абай оқып танысқан батыс ойшылдары Г.Спенсер, А.Уоллэс, Д.Дрепэр, Дж.Мильтон, Дж. Милль және т.б. еңбектері, Л.Толстой, В.Жуковский, А.Пушкин, И.Крыловтай орыс классиктерінің шығармалары, М.Лермонтовтың аудармалары арқылы Абай танысқан У.Шекспир, Ф.Шиллер, И.Гете, Дж.Байрон, Г.Андерсен сияқты батыс Еуропа классиктері шығармаларының үздік үлгілері таныстырылды.

Сирек қорымыздағы Алаш қайраткерлерінің көзі тірісінде араб, латын қарпімен жарық көрген түрлі ғылым саласындағы қазақтың тұңғыш математигі Ә.Ермековтің “Ұлы математика курсы”, лингвист-түркітанушы Т.Шонановтың «Самоучитель казахского языка для русских», ғалым-түркітанушы С.Аманжловтың «Қазақ тілінің грамматикасы», Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов және Ә.Ситдықов бірігіп жазған «Сауаттандырғыш», Ғ.  Мүсірепұлының Қызыл әскер әліппесі,  көркем әдебиеттен  Таңқыбай (И.Жансүгіров) С. Сейфуллиннің «Құқ», «Қызыл ат», Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» және т.б. қаламгерлердің шығармалары жайында баяндалды.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен 2018-2020 жылдары жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтамасы  таныстырылып, әр кітаптың маңыздылығы мен ерекшелігі туралы айтылды. Аталмыш көрме 24 сәуірге дейін жалғасады.

Алдағы күндері әріптестеріміз халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысушыларды “Алаш” электрондық кітапханасымен таныстыратын болады.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көне Семей: көрме
22шіл.2025
Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат: пікір алмасу алаңы
22шіл.2025
Біз достармен зерікпей ойнаймыз және оқимыз: ойын бағдарламасы
16шіл.2025
Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now