Қазақстан Ұлттық валютасы теңгеге 20 жыл: кітап көрмесі
15 қараша 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында төл теңгеміздің айналысқа енгеніне 20 жыл және қаржыгерлер мерекесіне орай «Қазақстан Ұлттық валютасы теңгеге 20 жыл»: тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген күні: 15 қараша 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: пайдаланушылар. Қатысқандар саны-15. Шараның мақсаты: Ұлттық валюта-теңгенің маңыздылығы туралы ақпарат беру.
15 қараша 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында төл теңгеміздің айналысқа енгеніне 20 жыл және қаржыгерлер мерекесіне орай «Қазақстан Ұлттық валютасы теңгеге 20 жыл»: тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге валютаның 20 жылдық тарихынан, ұлттық валютамыздың даму қарқыны, экономикадағы атқарар рөлінен мағлұматтар алатындай кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Көрмеге С.Құлпыбаевтың «Қаржы негіздері», Р.О. Смағұловтың т.б авторлардың «Қаржы, ақша айналысы және несие» оқулықтары қойылса, аталмыш тақырыптағы мерзімді басылым беттеріне жарияланған тың материалдар орын алды. Атап айтқанда: Егемен Қазақстан 15.11.2012ж,- Ғ.Байназаровтың «Теңге-тәуелсіз экономиканың темір қазығы», осы сандағы Д.Ғалиеваның «Тәуелсіздігіміздің негізі нышанына айналған жұмыс құралы» мақалалары, сондай-ақ «Денсаулық» журналының 2012 жылғы қараша айында жарияланған «Ұлттық теңге мақтанышымыз» және «Қазақ тарихы» журналындағы «Алғашқы теңге» атты мақалалар кітап көрмесін толықтыра түсті.
Кітап көрмесіне 13 кітап, 5 газет-журналдар қойылды.