Самый богатый человек в Вавилоне: «Диалог» әдеби клубының отырысы
Абай атындағы кітапапханада 15 мамыр күні «Диалог» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. Бүгінгі кездесуге Д. С. Клейсонның «Самый богатый человек в Вавилона» кітабы таңдалынып алынды.
Бұл кітап – қаржылық мәселелердің мәнін білуге және нақты жетістікке жетуге көмектеседі. Автор талқылаған принциптер әмбебап және өзгермейді. Олар тұрақты қаржылық прогресс пен өркендеудің кілті бола отырып, көптеген адамдар практика жүзінде дәлелдегендей, тиімділігін көрсетіп отыр.
Клуб мүшелері Вавилондағы ең бай адамның жетістігінің қаржылық құпиялары туралы және бұл ережелер қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтпайтындығы туралы айтып, басты кейіпкер Аркадтың қаржылық сауаттылыққа жетудің жеті негізгі қағидаларын ортаға салды.