Мұхтар Әуезов және спорт өнері: бейне дәріс
Абай атындағы кітапхананың ZOOM платформасында 2022 жылдын 26-шы мамырында «Алаш» жобасы аясында тікелей эфир өтті. Эфир қонағы Сәкен Сейфуллин атындағы ауыл-шаруашылығы университетінің оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Өмірзақ Сұлтанов Сембайұлы «Мұхтар Әуезов және спорт өнері» атты бейнедәріс өткізді.
Шара барысында саяси қуғын-сүргін жылдарындағы М.Әуезовтің қызметі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Ә.Нұршайықов пен М.Әуезовтің кездесу жайында ой қозғады.
Аталмыш шарада Семей қаласында Қазақстанда алғаш құрылған «Ярыш» футбол командасында жазушы, ғылым, филолог Мұхтар Омарханұлы және басқа қатысушылар туралы мағлұматтар берілді. Дәріс барысында Мұхтар Омарханұлының дене шынықтыру мен спортқа белсенді қатысқандығы туралы зерттеуге қалай келгендігі туралы айтылды. Сонымен бірге, автор өзінің «Сыр бүкен» атты макаласында «Ярыш» командасының тарихы мен команданың эмблемасын тауып, араб тілінен аудартып, аталмыш мақалаға арқау етті. «Ярыш» командасында 24 адам болғандығы және ойыншылардың басым көпшілігі мұсылман жастарынан құрылғандығы туралы ақпарат берді.
1921 жылы Қарқаралыда Қазақ автономиясының құрылғанына бір жыл толуына байланысты өткен тойда М.Әуезов ұлттық спорт ойындарын ұйымдастырғандығын С.Бегалиннің естелігінде сүйене отырып атап өтті.
Бейнедәріс оқушы Мұхтар Омарханұлының тек жазушы, ғалым емес, сонымен қатар ұлттық спорт ойындарын қолдаушы жанашыры болғандығымен сөзін түйіндеді.