Тарихтан туған рәміздер:ақпараттық дерекнама
2 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай, балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында Бауыржан Момышұлы атындағы №34 орта мектептің 1 «А» сынып оқушыларының назарына «Тарихтан туған рәміздер» атты ақпараттық дерекнама ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылған шара барысында рәміздердің шығу тарихы мен қалыптасу кезеңдері және ұлттық нышандарының авторлары жайында ақпараттар берілді. Арнайы жасақталған «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалып, балдырғандар тақырып бойынша викториналық сұрақтарға тыңғылықты жауап беріп отырды. Ақпараттық шараның соңы «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнін бірлесіп айтумен аяқталды.