Жазғы тілдік лагерь
4 маусым күні жазғы балаларға арналған лагерь «Let go to the zoo» атты сергіту сәтінен басталды. Содан сол олар « There is, there are» деген грамматикалық құрылымы мен «Сlothes» лексикалық тақырыбында ағылшын тілінде жаңа сөздер үйренді. Жаңа тақырыпты меңгергеннен кейін балалар өткен сабақта өткен «Animals» тақырыбын қайталап, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтырды. Бүгін лагерь жүргізушілері Несіпбек Аида және Мустафинова Нұрай балаларға «Жоғалғанды тап» және «Letters and numbers» деген ойындар ойнатты. Балалар өте көңілді уақыт өткізді. Қызықты ойындар және жазғы тілдік лагерь сабағы барлық қатысушыларға өте қатты ұнады.