Билер сөзі – нақылдың көзі: танымды сағат
9 маусым күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Ж.Аймауытов атындағы орта мектептің Жазғы мектеп тыңдармандарына Балалар жылы аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Өнер алды – қызыл тіл» бағдарламасын негізге ала отырып, балдырғандарға шешендік өнерді дәріптеу мақсатында «Билер сөзі – нақылдың көзі» атты танымды сағат ұйыдастырды.
Шара барысында шешендік өнердің түрлері, қазақ қоғамындағы би-шешендер және олардың мол мұрасы жайында мәлімет беріліп, жас және жеке ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбиелеуге бағдарланған «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешенінен билер сөзі, нақыл сөз, халық аңызы және т.б халықтық туындыларды инновациялық қаламның көмегімен тыңдады. Сондай-ақ, шешендік сөздер, қазақ билері, салт-дәстүрлерге арналған мақал-мәтелдерге арналған викториналық сұрақтарға тыңғылықты жауап беріп, «Қазақтың билері», Б.Қалимұқашева «Сөйлеу мәденгиеті және шешендік өнер», Б.Адамбаев «Қазақ шешендері» және т.б. шешендік өнер жайында арнайы жабдықталған кітап көрмесімен танысты.