Балалар – балаларға: үйірме сабақ
15 маусым күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы аясында, «Дені сау бала» бағыты және «Балалар – балаларға» тақырыбы бойынша «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері Семейдегі «Отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінде тіркелген мүмкіндігі шектеулі балалармен бірлесіп, балалардың қол моторикасын дамыту мақсатында саз балшықтан үйді, саңырауқұлақты және гүлдер мен жапырақтарды мүсіндеді.
Жылы және достық жағдайда өткен сабақ барысында үйірме мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі балалар жұмысқа тез бейімделіп, бір-біріне көмектесіп мүсіндерді жасауға тырысты. Шара соңында үйірме қатысушылары ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз жұмыстарын сыйға ұсынып, кітапхана қызметкерлері акварель бояуларын табыстады.