Спорт – денсаулық кепілі: спорт сағаты
Балалар жылы және «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» бағыты бойынша 5 шілде күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Ертіс өзенінің жағалауында кітапхананың жас оқырмандары мен «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушылары арасында «Спорт – денсаулық кепілі» спорт сағатын өткізді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері балалармен дене шынықтыру жаттығуларын өткізді. Балалар «Қол мен аяқ қозғалысын үйлестіру ойыны», «Доп ойыны», «Ненің қате, ненің дұрыс екенін білдіретін ойын» және басқа да көңілді ойындарға қатысты. Әсіресе балаларға «Қол мен аяқты үйлестіру» ойыны өте қатты ұнады, ойын барысында балалар өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын және қозғалыс белсенділіктерін көрсетті.
Таза ауада демалу кезінде балалар кітаптарды қарап, оқып, спорт алаңында ойнап, тренажерлармен жұмыс жасады. Таза ауада өткізген уақыт балаларға көптеген жағымды эмоциялар мен әсер қалдырды.