Тіл – достықтың алтын көпірі: дөңгелек үстел
5 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан халықтарының тілдері күіне орай, Алаш қайраткері, ақын, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты Семей қаласының тілдерді дамыту орталығымен бірлесіп «Тіл – достықтың алтын көпірі»: атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бахатова Маржан Аманбердіқызы, қаламыздағы қоғамдық ұйымдар өкілдерімен қатар, ЖОО–ның оқытушылары қатысты.
Абай атындағы кітапхана қызметкері «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық жазудың реформаторы» атты тақырыпта баяндама жасап, «Алаш» электрондық кітапханасындағы Ахмет Байтұрсынұлына қатысты ақпараттарға тоқталды.
Сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы», «Билингвизм как фактор взаимообщения языков и межкультурной коммуникации», «Қазақ тілін шетел студенттеріне үйрету арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау», «Языковая работа в обществе немцев», «Мемлекеттік тіл-ортақ қазына» атты тақырыпта баяндамалар оқылды.
Шара соңында қатысушылар үшін «Дәуірдің жарық жұлдызы» тақырыбындағы көрмеге шолу жасалды.