Кітапхана қорларын жаппай зерттеуді ұйымдастырудың өзекті аспектілері: ғылыми-практикалық семинар
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы Ресей мемлекеттік кітапханасы ұйымдастырған “Кітапхана қорларын жаппай зерттеуді ұйымдастырудың өзекті аспектілері” атты ғылыми-практикалық семинарға қатысты.
Іс-шара онлайн форматта өтті. Семинардың пленарлық бөлімінде РМК кітапхана қорларын зерттеу әдістемесін жасаушылар сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысында Мәскеу, Нижний Новгород, Рязань, Ростов-на-Дону Сахалин облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларының және Карелия Республикасының Ұлттық кітапханасының мамандары өз қорлары негізінде кітапхана құжаттарын жаппай зерттеу әдістемесін қолдану тәжірибесімен бөлісті, алынған нәтижелерді талқылады және осы әдісті қолдану кезінде туындаған мәселелерді анықтады.
Семинар барысында бізге қорды зерттеудің іріктемелі және көп сатылы әдісін жүргізу бойынша практикалық материалдар (есептер, кестелер) ұсынылды.