АвтографTime
Абай атындағы кітапханада 23 қыркүйек күні «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында ақын, публицист, әдеби сыншы, аудармашы, «Арбат» әдеби үйінің президенті Байгужинов Кенжебек Ақанұлымен кездесу өткізіп, «АвтографTime», ұйымдастырды.
Автормен кездесу барысында ақын оқырмандарға шығармашылық жолы туралы айтып, шығармашыл адамдарды толғандырып жүрген мәселелермен бөлісті. Қаламгер поэзия, проза, публицистика жанрына ғана қалам тартып қоймай, аударма саласында да жемісті еңбек еткенін тілге тиек етті. Шара барысында Кенжебек Ақанұлы өзі өлеңдерін оқып берді.
Кездесу барысында ақын оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ақын кітапхана оқырмандарына «Стихи на Арбате» кітабын сыйға тартып, жас оқырмандарға тілегін білдіріп, қолтаңбасын берді.
Кітап көрмесінде Абай атындағы кітапхана қорындағы ақынның кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары, өлеңдері ұсынылды.