Кітап әлеміне саяхат: нон-фикшин
23 қыркүйекте жалпыреспубликалық «KitapTime» кітап фестивалі аясында облыстық Абай атындағы кітапханасы Арбатта «Non-Fiction» жанрындағы әдебиеттерден кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мәдени шараға қатысушыларға анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі сөздіктермен және анықтамалықтар, «Все обо всех» сериясы топтамасы, және А.Ақажановтың «Заң психологиясы», «Медициналық психология», С.Әбенбаевтың «Педагогика» кітаптары, Д.Карнегидің психология мен осы тақырыптағы әдебиеттер ұсынылды.
Пайдаланушылардың назарын әсіресе аспаздық, қазақтың ұлттық тағамдары, дастархан ас- мәзірі туралы «Барлық жағдайға арналған тағам», «Қазақтың дарқан дастарқаны», «Жаңадан бастаушыларға арналған тағам дайындау» сериясы мен т.б осы сынды кітаптар ерекше қызығушылықтарын білдірді.