Қазақ театрының бастауында: бейнеролик
12 қазан күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының әлеуметтік желі қолданушыларына арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі аясында, қазақтың драма, опера артистерінің алғашқы буынының ұстазы, актер, театр сыншысы, музыкант, драматург Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл толуына орай өмір жолымен шығармашылығынан ақпараттық бейнеролик түсірілді.
Бейнеролик барысында азғантай ғана ғұмырын қазақ жерінде, қазақ елінің актерлер мәдениетін көтеруге, театр жүмысын белгілі бір жоспар бойынша жүргізуге, репертуардан тәрбиелік, һәм идеялық-көркемдік сапасы жоғары драмалық шығармалардың орын алуына арнаған Жұмат Шаниннің өмір жолы, қызмет баспалдағы, жалған жаланың артында қалаған отбасы, қаламынан туған шығармаларымен, театрлық спектакльдері жайлы ақпараттар берілді. Сонымен қатар Жұмат Шаниннің ұлттық төл туындыларды қоюда ән-күйлер мен тұрмыс-салттық, этнографиялық бояуды мол қолданатындығы, драмалық шығармадағы белгілі бір дәуір тынысы мен оқиға орнын, оған қатысатын кейіпкерлердің мінез табиғатын айқындап ашуда пайдаланатын әр түрлі сахналық реквизитке декорация мен костюмге ерекше ден қойатындығы, 1927 жылы бір топ өнер шеберлерін бастап, Мәскеуде өткен этнографиялық концертке қатысқаны туралы қысқа бейне материалдар көрсетілді. Желі қолданушыларына көркемділік ретінде кітапханамыздың қорынан Жұмат Шаниннің өмір жолынан ақпарат беретін Рымғали Нұрғалиевтің «Ай қанатты арғымақ» және Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» басылымы ұсынылды. Көрерменге авторды жақынырақ таныту мақсатында бейнеролик бойынша қысқаша сұрақтар қойылды.