Музыка, поэзия, махаббат: бейнесюжет
14 қазан күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының әлеуметтік желі қолданушыларына арналып, «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында, Қазақстанның халық әртісі, Қырғызстан және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, профессор, “Құрмет” және “Парасат” ордендерінің иегері Роза Қуанышқызы Рымбаеваның 65 жасқа толуына орай өмір жолымен шығармашылығынан ақпараттық бейнеролик түсірілді.
Бейнеролик барысын әншінің қысқаша өмірбаянына шолу жасалды. Роза Рымбаева 1957 жылдың 28 қазанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген екен. Ата-анасы оның есімін Роза Бағланованың құрметіне қойыпты. Роза Рымбаева 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы бітіреді. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетінде білімін шыңдаған екен. Көптеген халықаралық конкурстың гран-при иегері атанған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атаныпты.
Роза Рымбаева 1977 жылы Болгариядағы “Золотой Орфей” фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған “Әлия” әнін шырқаған соң ерекше танымал болып,ол бұл байқауда гран-при жүлдесін ұтып алды.
Желі қолданушыларына көркемділік ретінде кітапханамыздың қорынан Роза Қуанышқызы Рымбаеваның өмір жолынан ақпарат беретін бір неше автордың құрастыруымен «Құс жолы» баспасынан 2001 жылы жарық көрген жинақ ұсынылды.