Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан: дөңгелек үстел
Қазан айының 19-ы күні Абай атындағы кітапхана мен қалалық «Жастар орталығы» бірігіп «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» тақырыбында арнайы қаламыздағы дарынды жастармен дөңгелек үстел өткізді.
Шараның қонағы Қазақстан Жазушылар Одағының Семей филиалының басшысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ақын Мерей Қарт және «Жастар» орталығының белсендісі Қайсар Беделхан болды.
Дөңгелек үстел басында жастардың жалынды жыры оқылып, ағалардың ақылы айтылды. Бүгінгі қоғамның жастарына не қажет, қаламыздың дамуына қандай үлес қоса аламыз, жаңа Қазақстанның жастары қандай болу керек деген тақырыптарда жас буын өкілдері түрлі ой қозғады.