Ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы- Мұхамеджан Сералин: ақпараттық сағат
16 қараша күні Абай атындағы кітапханада Ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы – Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай, кітапхана қорындағы оның өмірін, мұраларын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру мақсатында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс шара барысы тың ақпараттар мен қоса жазушының ел арасында «Мұқат» және орта бойлы, денелі болғандықтан «Бақа қожа» деп атап кеткендігі, оның бізге белгілі «Топжарған», «Гүлкәшимә» деп аталатын поэмаларын ұсынумен басталды.
Сонымен қатар М.Сералин Энергия баспаханасында қазақ тілінде 88 саны шыққан «Айқап» журналының редакторы, әрі шығарушысы екендігі бұл жолдағы күрескерлігі жайлы, тіптен бұл журналдың алғашқы сандарын нағашысының үйінде шығарып ұсынынғаны жайлы тың деректер айтылды.
Шара барысында Әлихан Бөкейхан атындағы университеттен келген оқырмандар назарына ақын, жазушы, журналист Мұхамеджан Сералиннің өмірбаянынан ақпарат айтылып, сонымен қатар шығармашылығына арналған бейнеролик ұсынылды.
Оқырмандар тағылымы мол, маңызды әрі күрделі өмір жолынан сыр шертетін ақынның «Топжарған» жинағана талдау жасап, шығармаларына аса назар аударып, қызығушылық танытты.