Дүбірлі дәуір жыршысы: кітап көрмесі
22 қараша күні Абай атындағы кітапханада жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Дүбірлі дәуір жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғ. Мұстафин қазақ әдебиетінде орны ерекше көрнекті қаламгер. Жазушының туындылары қалың оқырманнің жүрегіне бойлай тартып, өз оқырманын баурап алары хақ.
Аталмыш кітап көрмесіне жазушының әр жылдарда жарық көрген «Қарағанды», «Шығанақ», «Дауылдан кейін» романдары мен «Миллионер» повесті, «Көз көрген» атты шығармалары мен жазушының т.б. еңбектері қойылды.
Жазушыға арналып арнайы жасақталған көрмеге келген оқырмандарға, қаламгер еңбектерінің қыр-сыры жайында айтылып, романдардағы басты кейіпкерлер бейнесіне шолу жасалды. Көрмеге қатысушы студенттер де жазушы жайында өз ойларын ортаға салып, көзқарастарымен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар өз ырзалықтарын білдірді.