Елдік пен еркіндіктің жаршысы: поэтикалық сағат
2022 жылдың 22-ші қараша күні Абай атындағы әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, жырау, сатирик, ағартушы, қоғам қайраткері, тарихшы Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Елдік пен еркіндіктің жаршысы» атты поэтикалық сағат өтті.
Шараға Әлихан Бөкейханов атындағы университетінің қазақ филологиясы және қазақ әдебиеті мен қазақ тілі мамандығының бірінші курс студенттері қатысты.
Поэтикалық сағат барысында жастарға Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығынан ақпарат берілді. Ақынды Абайдың өзі ұлық ұстаз тұтқаны, оның шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылғаны, өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралғаны жайында айтылды.
Жиналған жастар Дулат Бабатайұлының жырларын талдап, ондағы рухты, патриоттық сезімді, елге деген махаббатты, шыншылдықты ұғынды. Өздеріде өлеңге қалам тербеп жүрген жас ақындар тырнақ алды туындыларын оқып, ойларын баба жолымен ұштастырды.