Құқықтық сана – ұлттық сана: құқықтық сағат
Әлеуметтік қажетті ақпараттар лекториінің аясында 24 қараша күні «Құқықтық сана – ұлттық сана» тақырыбында құқықтық сағат өтті.
Құқықтық сағаттың мақсаты: жастардың адам құқығы туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, әр азаматтың мемлекет алдында өз құқығы мен міндеттерін білуге ақпараттандыру.
Ұйымдастырылған іс-шараға №45 ЖББО мектептің оқушылары қатысты. Шара аясында адам құқығы, бала құқығы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен міндеті, заң талаптарына қатысты мәліметтер тыңдалды. Қатысушыларға заң талаптарын бұзбау, әр азамат өзіне жүктелген құқықтық міндеттерді дұрыс орындау қажеттігі жайында, Қазақстанның құқықтық даму жағдайы азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеруге, Заң мен құқыққа деген құрмет әр адамның жеке ұстанымына айналуы керектігі жайында кеңінен ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, кітапханашы маман сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі деп атап көрсетті. Осының барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті заңмен реттеу қажет екенін, жаңа заңдар мен ережелер қабылдау керектігін көрсетеді, ең маңыздысы қоғам болып жұмылған жұдырықтай бірге әрекет етіп, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық алдын-алу жұмыстарының тиімділігін арттыру керектігін айтып өтті.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге құқық саласына қатысты, сыбайлас жемқолыққа байланысты кітаптар, заңды құқықтық-нормативтік актілер мен оқулықтар қойылып, әдебиеттерге шолу жасалынды.
Шара соңында мектеп оқушылары кітапхана тарихымен, бөлім қызметтерімен және Абайдың рухани орталығында болып, әлем әдебиеті жауһарларын, Абайдың әлем тілдеріндегі шығармаларынан ақпараттар алды.