Д. Остен Гордость и предубеждение: әдеби клубтың кезекті отырысы
19 ақпан күні Абай атындағы кітапханада әдеби клубтың кезекті отырысы өтті. Бұл жолы клуб мүшелері Д. Остеннің «Гордость и предубеждение» кітабын талқылады.
Д. Остеннің «Гордость и предубеждение» романы 1813 жылы жазылған. Кітапта ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын дворяндарының өмірі сипатталған.
Шығарманың негізгі тақырыбы – кез-келген адамның көзқарасы мен мінез-құлқын түбегейлі өзгерте алатын махаббат сезімі туралы. Сондай-ақ, махаббатпен үйленудің маңыздылығы айшықталады. Басты кейіпкерлердің әңгімелері арқылы Джейн Остин қаржылық әл-ауқаттан гөрі махаббатты таңдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Автор өз романында кейіпкерлердің түсінбеушіліктен немесе бір бірін тастап кетуден қорқатын болса да, өз сезімдерін жасыра алмайтындығын, тіпті мақтаныш үшін махаббаттан бас тарта алмайтындығын ашық айтады. Клуб мүшелері келесі отырыста қай кітапты талдайтындарын ақылдаса отырып, М.Митчеллдің «Унесенные ветром» кітабына тоқталды.