Қазақстан бар ұлысқа шанырақ: кең көлемді кітап көрмесі
1-мамыр халықтар бірлігі күніне орай кітапханада «Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
28 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің мамандары «ҚР ІІМ мамандандырылған күзет басқармасынан» келген топ өкілдеріне кітап көрмесімен таныстырып, шолу жүргізді.
Көрмені таныстыру барысында кітапхана мамандары 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі туралы ақпарат беріп, мерекенің шығу тарихына шолу жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды теңдесіз ұйымның құрылуы туралы, жалпықазақстандық бірлік моделін қалыптастыруда оның атқарып келе жатқан маңызды рөлін және ұлттық мәселедегі іске асырып отырған мемлекеттік саясатты, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуі мен оның атқаратын қызметтері жайлы баяндады. Елімізде тұрып жатқан 130-дан артық ұлт өкілдерінің ортақ мекені болған Отанымыз туралы, ұлттар достастығы жайында кеңінен баяндап, келе жатқан бірлік күні мерекесімен құттықтады.
Көрмеге «Достық баға жетпес байлық», «Қазақстан – қарашаңырағым», «Народ Казахстана», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясы: алғашқы қадамдар», «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері» т.б. кітаптар қойылды.