• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» повесі: оқырман конференциясы

Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» повесі: оқырман конференциясы

  • 19.05.2023

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 18 мамыр күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында белгілі жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Т. Әбдіктің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Ол қазақ әдебиетіне жаңашылдық пен өзгеше леп әкелеген жазушылардың бірі. «Парасат майданы» – жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы; өмірдің тылсым сырына үңілген жанның өзгелерге айтар өсиеті. Төлен Әбдіктің аталған философиялық шығармасында қоғамның болашағы үшін қам жегенін, оған жаны ашып, жол сілтемек болғанын байқаймыз.
Жазушының «Парасат майданы» повесі – Франц Кафка атындағы алтын медалімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған ең көрнекті шығармасы. Конференцияға Шәкәрім атындағы университеттің филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.
Конференция студенттер Сәлімжанов Бауыржан мен Қуанышева Әйгерімнің жазушы шығармашылығы және «Парасат майданы» шығармасы туралы баяндамаларымен басталды. Баяндамалар тыңдалғаннан кейін студенттер арасында тақырыпты қызу талқылау басталды. Пікірлер екіге бөлініп, әрқайсысы өз көзқарасын білдірді. Ең белсенділері Сайленова Аяулым, Қанағатова Аяжан, Оралғазинова Айгерім, Мұрат Айсәуле, Ким Данна және т. б. болды.
Студенттер оқиға не туралы, автор нені көрсеткісі келді, шығарма қалай қабылданды, кейіпкерлердің қайсысы рухы, дүниетанымы жағынан жақынырақ, шығармадан өздеріне не алды, т. б. сұрақтарға жауап берді. СтуденттерТ. Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасы мен американдық «Бойцовский клуб» атты психологиялық триллер арасындағы байланысты байқады. Идеясы адамның ішкі әлемінің бейнесіне, адам бойындағы жарық пен қараңғылықтың күресіне негізделген.
Оқырмандар конференциясы Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасында көтерілген тақырыптардың бүгінгі күнге дейін өзекті екенін көрсетті.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025
Астана: кеше, бүгін, ертең: ақпараттық сағат
03шіл.2025
«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
03шіл.2025
Сарбаз. Ұстаз. Жазушы: кітап көрмесі
13мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now