Кітап менің жазғы досым: кітап көрмесі
15 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Кітап менің жазғы досым» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, жазғы уақыттарын тиімді пайдалануларын ұйымдастыру мақсатында «Кітап менің жазғы досым» кітап көрмесі ұсынылып отыр.
Ал «қандай кітап оқуға болады?» десеңіз кез келген кітапханадан өзіңізге ұнайтын кітапты алған дұрыс. Кітап көп, бірақ сіздің жаныңызға жақын, сізге қызықты кітапты таңдап алу оңай емес. Мәселен Ә.Нұршайықтовтың «Ақиқат пен аңыз», Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Х. Алтай «Алтайдан ауған ел», Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз», С.Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй», С.Досжан «Қасірет пен тағдыр», С.Керімбай «Өмірге ғашық болу», Ф. Скотта Фицджеральда «Вели́кий Гэтсби», А.Рэнд «Атлант расправил плечи», Г.Яхина «Зулейха открывает глаза» Дж. Оруэллдің «1984» т.б. әдебиеттер оқырмандар арасында өте танымал және жоғары сұранысқа ие басылымдар.
Шара барысында келушілер жаңа түскен кітаптармен де танысып өтті. Қорға түскен кітаптар сан саланы қамтиды. Ақын-жазушылардың шығармалары мен шетел аудармалары және оқу орындарына арналған оқулықтар және классикалық әдебиеттер.
Классикалық әдебиеттер – бұл өз дәуірінің немесе белгілі бір жанрдың стандарты болып саналатын көркем әдебиет туындылары. Көркем әңгімелерді оқу – қызықты әрі пайдалы. Әлемді технология жаулаған уа¬қыт¬та кітапқа деген құмарлықты арттыру басты талап болып табылады.