Абай заманына саяхат: оқырманмен кездесу
Абай атындағы кітапхана табалдырығын бүгін ерекше қонақ аттады.Ата – бабалар тарихы, отбасы шежіресі кімді болса да толғандырары анық. Павел Иванович те көптен бері өзін ойладырып жүрген туған әулетіне қатысты деректер іздеп жүргенін ортаға салды. Абай заманында Семей қаласында тұрған Земляницын отбасы туралы қандай дерек табылса да қуанышты екенін жеткізді.
Біз білетін Александр Земляницын Облыс орталығы Семей қаласында құрылған ең алғашқы ресми мекемелер қатарындағы Облыстық Статистикалық Комитетке үйін жалға берген қала тұрғыны. 1878 жылы құрылған Облыстық Статистика Комитетінде қызмет атқарып жүрген саяси жер аударылған Михаэлис бастаған Абайдың достары 1883 жылы Семей қаласында Қоғамдық кітапхана мен Өлкетану Музейін ұйымдастырып, біз білетін А.Земляницын үйінің бір бөлмесіне орналастырған. Өз әулеті тарихынан осындай құнды деректерді анықтаған кітапханамыздың қонағы «Абайдың рухани орталығында» болып, хакім Абаймен замандас атасы өмір сүрген тарихи кезеңдегі сирек басылым-түпнұсқалармен танысып, өткен ғасырларға әдебиеттер арқылы саяхат жасады.
Үлкен әулет отағасы, Иван, Августина, Клара, Анатолий, Клавдия, Лилия, басқа да балаларын тәрбиелеген атасы Александр Земляницын туралы сирек те тың деректер күтетінін, байланыста болатынын білдіріп қонағымыз ризалықпен қоштасты.